"Ақмола облысының білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Михайловка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Михайловка отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

ФЕЙСБУК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы форумы өтті.

23.01.2024

Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы форумы өтті. 
Форумға 1200 ден астам мектеп басшылары жиналып білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап көрсетті. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады», - деді Ғани Бейсембаев.
Бүгінде министрлік ұлттық білім беру деректер базасын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Онда білім беру ұйымы туралы мәліметтер, педагогтің жеке деректері, білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасы және т.б. көрсетіледі.
Сонымен қатар жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг іс-шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Еліміздің бас ұстазы білім берудегі сапаны арттыру, инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту, цифрландыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сөз қозғады. 
Бұл форум менің мектеп басшысы ретінде мектепті басқарудағы жұмыстарыма сараптама жасап,  тың өзгерістер мен жаңашылдықты енгізе отырып, мамандығын саналы таңдауға бейім, жаһандану үдерісін қабілетті, жоғары мәдениетті, зерделі, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында көшбасшылық қабілетімді дамыта аянбай еңбек етуіме серпіліс берді.

Просмотров: 1147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст